Жаңалықтар

КазГЮИУ Әскери кафедрасында “Ашық есік күні” өткізілді

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 20.04.2016.

 

2016 жылғы 20 сәуірде КазГЮИУ әскери кафедрасында Ұлы Жеңіс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 24 жыл мереке күндеріне арналған ашық есік күні өтті. Іс-шараның басты мақсаты студент жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Іс-шараға КазГЮИУ ректоры саяси ғылымдарының докторы, профессор – Құрманбаева Шырын Асылханқызы, «Шығыс» Өңірлік командованиясы , Семей гарнизонының әскери бөлімшелерінің, білім мекелерінің, ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің өкілеттері, Семей қаласының Қорғаныс істер жөніндегі басқармасының бастығы және әскери кафедраға түсуге дайындалу үстіндегі университет студенттері, мектеп оқушылары қатысты.

Қонақтарға әскери кафедра студенттерімен үлгілі сабақтары көрсетілді, яғни: салтанатты шеру және әнмен өту, ұзақтыққа және мергендікке граната лақтыру, АТБ (атлетизм, табандылық, батылдық) жолағынан өту, жаппай қырып жою қаруынан қорғану, әр түрлі ату қаруларын жартылай болшектеу және жинау, қарумен және қарусыз саптық жаттығулар, АКМ мен дефиле және т.б.

КазГЮИУ әскери кафедра ұжымының атынан  5511 ә/б Әскери оркестрына алғыс білдіреміз.