Жаңалықтар

ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 20.04.2016.

Болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін анықтау және талантты студент жастарды қолдау мақсатында 2016 жылдың 14-15 сәуірі күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «5В020500 – Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы VІІІ Республикалық пәндік олимпиада болып өтті.

Олимпиадаға Қазақстанның әр аймағынан 11 ЖОО командасы қатысып, бақ сынасты. Республикалық пәндік олимпиадаға біздің Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті филология мамандығының 3-4 курс студенттерінен құралған топ та барып, өз білімдерін сынап қайтты. Командаға ф.ғ.к., доцент Доскеева Шайза Асанқызы ғылыми жетекшілік жасады.

Олимпиада бағдарламасы бойынша студенттер 4 кезеңде сайысқа түсті. 1тур. Қатысушылардың мамандық туралы ақпарат беруі, (жүйелі, мәнерлі) таныстыруы. Командаларын таныстыруда өз мамандықтарына қатысты кәсіби білімдері мен мамандықтың қазіргі қоғамға қажеттілігін дәлелдеуі: 2 тур. Таңдалған тақырып бойынша ауызша тілдік (морфологиялық, синтаксистік дәстүрлі/кешенді) және әдеби (құрылымдық/ идеялық) талдау жасау. Талдау тапсырмалары бірден ауызша жүргізілді; 3 тур. Онлайн жүйесі негізінде қазіргі қазақ тілінің салалары, жалпы тіл білімі, қазақ әдебиеті пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындау; 4 тур. Ғылыми жоба қорғау.

Қазақ филологиясы мамандығының 4 курс студенті Қыдырбекова Бақытнұр, 3 курс студенттері Сарқытбекова Ляйла, Болатова Назеркелерден құралған команда олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленіп, нәтижесінде сертификат, алғыс хат және олимпиаданы ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.    Филология мамандығының командасы олимпиадаға қатысып қана коймай университетіміздің абыройын асқақтатты.