Жаңалықтар

ҰБТ жаңалықтары жайында

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 25.04.2016.

 

Еліміздің халықаралық деңгейдегі беделі биіктеп, экономикалық әл-ауқатының артуы, ұлттық білім жүйесін әлемдік стандарттарға негіздеп, қазіргі заманауи белестерге көтеруді бүгінгі күн тәртібінің басты міндеті ретінде белгілеуде. Отандық білім беру саласында елеулі өзгерістер мен көптеген жаңалықтар енгізіліп, оңды реформалар жүргізілуде. Осы орайда, көп жылдардан бері қолданысымызға енген ұлттық бірығай тестілеу жүйесі (ҰБТ) мектеп түлектерінің білім сапасын айқындап, әділ саралауға жол ашты. Есесіне, ЖОО-ға түсудің алғы шарттары жеңілдеп, жыл сайынғы түлектер мен оқу орнының арасында байланыс нығайғаны да мәлім.

Үстіміздегі жылдың сәуір айының алғашқы күнінде қаламызда ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру бойынша ҰБТ мен оқу жетістіктерін сыртай бағалауды (ОЖСБ) ұйымдастырудың биылғы тәртібіне жалпы түсінік беруге арналған бас қосу өтті. Маңызды жиынға ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитетінің сыртқы бағалау басқармасының жетекшісі З.Ж.Жанділдина, ШҚО Білім саласындағы бақылау бойынша Департамент басшысы Е.М.Аязбаев, ҚазИГЗУ ректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Ш.А.Құрманбаева, Семей қаласының Шәкәрім атындағы  МУ ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ғ.Ескендіров, осы универсиет жанындағы ҰБТӨП жетекшісі Б.Ж.Көжебаев, Семей қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Шарова, ШҚО білім басқармасы жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі даярлық бөлімінің жетекшісі С.А.Жұмаділова, Семей қаласы Білім бөлімінің басшысы Н.А.Фесенко және оның орынбасары Н.В.Тегай қатысты. Сонымен қатар Курчатов қаласының әкімі Н.Ж.Нұрғалиев, осы қаланың білім бөлімі басшысы Ә.Ж.Лұқпанова және Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Әзімбаев, Аягөз аудандық әкімінің орынбасары Б.Нукебаев, Ақшәулі орта мектебінің директоры А.Авленов және де Абай, Бесқарағай және Бородулиха аудандарының білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары, оқу ісінің меңгерушілері бас қосу куәсі болды.

Түлектердің болашағын айқындаған жиында алғашқы сөз алған ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитетінің сыртқы бағалау басқармасының жетекшісі З.Ж. Жанділдина биылғы ҰБТ-ны өткізу қағидаларымен таныстырып, өткізудің жалпы ережелерінен хабардар етті. Мәртебелі мейманның мәлімдеуінше ҰБТ-ны өткізудің тәртібіне тоқтала келіп, төмендегідей жайларға баса назар аударды: ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде  бес пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, математика, қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытылатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ тіліндегі оқытылатын мектептердегі оқытылатын таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәнінің біреу бойынша өткізілетіндігі; тестілеу ҰБТӨП-терде 1-15 маусым аралығында өткізлетіндігін атап көрсетті.

Семей қалалық қаласы Білім бөлімінің басшысы Н.А.Фесенконың мәлімдеуінше жылдың басында ҰБТ тапсыруға дайындық мақсатында өткізілетін білім сынағын дұрыс өткізуге күш салынуда.  Есесіне бұл маусым айында өтетін ҰБТ-да өз білім мүмкіндігін саралауға әзірлікті күшейтетеді. Сонымен қатар,  Н.Фесенко кейбір ата-аналардың өз балаларының пәндік және психологиялық дайындығын артыруға септігін тигізетін заңды жағдайларға аса назар аудара бермейтіндігін жасырған жоқ.

Осы жиын аясында 2015-2016 оқу жылында мектеп түлектерін ҰБТ-ға дайындау сапасын артыру мақсатында жоғары сынып оқушыларымен шынайы режимдегі тестлеу өткізу жайы да айтылды. Мұндай білім сынағы маусым айында өтетін шешуші кезеңде іштей білім сапасын екшеп алуға зор мүмкіндік береді. Осы ретте үстіміздегі жылдың 16-сәуір  күні қаламыздағы білім ошақтарының түлектерінің білім сапасы тексеріліп, мүмкіндіктері анықталды. Шынайы режимдегі тестлеу шарасына 475 оқушы қатысты. Оның 210  қазақ тіліндегі оқушылар болса, 265 орыс тілді оқушылардан құралды. Негізінен алғанда, түлектер тиянақты әзірліктерімен жақсы білім нәтижелерін көрсетті.

Деректерге жүгінсек, Семей қаласының Шәкәрім атындағы  МУ жанынан құрылған №836 ҰБТӨП-те қала мектептерінен 860 оқушы қатысса, Бородулиха, Бесқарағай аудандарының оқушыларымен қоса есептегенде  1219 ал, ҚазИГЗУ жанындағы №863 ҰБТӨП-те 863 бала санын құрайды. Оның 358-і қазақ мектептерінің түлегі болса, ал 505 бала орыс мектептерінің бітірушілері. Қала мектептерінің ұстаздары мен ата-аналар қауымына ҰБТ-да ең алдымен баланың психологиялық ерік-жігерінің  мықты болуы қажеттігін жақсы нәтижеге қолжеткізудің алғы шарты екендігін естеріңізге саламыз.

Биылғы жыл түлектеріне ҰБТ-да жоғары балл жинап, білім биігін бағындыра беруіне тілектестігімізді білдіре отырып, жас өркенің сәттілік серік болсын демекпіз.

КазГЮИУ жанындағы ұлттық бірыңғай

 тестілеу өткізу пункт жетекшісі

 Е.Д.Өмірбаев