Жаңалықтар

«Заманауи ғылымның қазіргі жағдайы және даму жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 27.04.2016.

Ақпараттық-техникалық факультетінде «Заманауи ғылымның қазіргі жағдайы және даму жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

2016 жылдың 20-21 сәуірінде ақпараттық-техникалық факультетінде «Заманауи ғылымның қазіргі жағдайы және даму жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция заманауи проблемаларға, сондай-ақ заманауи ғылымның өзекті мәселелерімен даму перспективаларына арналған. Оларға биология, биотехнология, электр энергетикасы, ақпараттық технологиялар, техникалық реттеу және тамақ өнеркәсібі жатады. Назардан тыс қалмаған сұрақтар: білім беру процесінде интеграция теориясы және практикасы, дене тәрбиесі және спорт дене тәрбиесі құралы ретінде т.б.

Конференцияға 6 секция бойынша оқытушылар, магистранттар, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің студенттері, сондай-ақ бірқатар шет елдерден ғалымдар (Италия, Қытай, Ресей және т. б.) қатысты.

Солардың арасында халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі және Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылым академиясы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекболат Жетпісбаев (Қазақстан), техника ғылымдарының докторы, профессор Ирина Смирнова (Кемерово, Ресей); L’Aquila университетінің биотехнология және қолданбалы клиникалық ғылымдар кафедрасының профессоры Guido Macchiarelli (Л’Акуила, Италия); ғылым және технология университетінің Хуажонг ортопедия және спорттық медицина кафедрасының PhD докторы Yeltay Rakhmanov (Қытай); техника ғылымдарының кандидаты Олег Ванеев (Кемерово, Ресей) қатысты.Барлық мәлімделген баяндама саны 170-тан астам.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ