Жаңалықтар

«КазГЮИУ халықаралық ынтымақтастықтың дамуы»

Опубликовано 28.04.2016.

 

КазГЮИУ-дың   Білім бағдарламаларын  интернационалдау орталығының басшысы Шустова Елена Павловна 2016 жылдың 19-20 сәуірінде Новосібір мемлекеттік  университетінде өткен «Сібірдегі Еуропалық  жоғары оқу орындарымен мен  ынтымақтастық:  мәселелер және оларды шешу жолдары атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға  қатысты.

Конференцияда  Франция, Испания, Германия , Ресей университеттерінің өкілдері арасында  болды. Қазақстанның   жоғары оқу орындарының қатарынан  Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қатысушы болды.

Конференция франко-ресейлік  ғылыми қарым-қатынастарына  50 жыл  толуына орай ұйымдастырылып өткізілді.

Конференция  Ресейдегі Франция елшігі, Новосібірдегі Бас Германия  консулдығы , Новосібір облысының  үкіметі, Томск облысының Басқармасы, Франсез Новосібір Альянс, deСаmpusFrance, DAAD-нің демеуімен жүзеге асты.

Конференция барысында Еуразиялық кеңістікте ғылыми және  академиялық ынтымақтастығының дамуының  өзекті мәселелері талқыланды.

Аталған іс-шара  жоғары білім жүйесінің   барлық өкілдері үшін қолайлы диалог алаңы болып табылады. Сондай-ақ,  жаңа жоғары оқу орындарының  серіктестігін дамытуға және ортақ білім бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Сібірдегі Еуропалық  жоғары оқу орындарымен  ынтымақтастық:  мәселелер және оларды шешу жолдары» конференциясының нәтижесінде,   Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  тарапынан Бордо Университеті (Франция), Сантьяго де Компостела Университеті (Испания), Берлин Азат Университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2016 жылдың 20 сәуірінде «Сібірдегі  Еуропалық Жоғары  оқу орындарымен ынтымақтастық: мәселелер және оларды шешу жолдары» жоғары технологиялы бизнесті  оқыту және жоғары технологиялық компаниялардың, сондай-ақ, студенттер мен магистранттарға арналған шетелмен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.