Жаңалықтар

Кемерово азық-түлік өнімдерінің технологиялық институтынан академиялық ұтқырлық аясында келген шетелдік серіктестің сапары.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 28.04.2016.

2016 жылдың 18-23 сәуір аралығында КазГЮИУ-дің Информатика және математика кафедрасында «Стандарттау, сертификатау және метрология» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық аясында Ресей федерациясынан келген біздің шетелдік серіктесіміз техника ғылымдарының докторы, профессор Смирнова Ирина Анатольевна екінші және үшінші курс студенттері үшін дәріс өткізді, сондай-ақ КазГЮИУ-дің ақпаратты-техникалық факультетінің базасында өткізілген «Заманауи ғылымның жағдайы мен даму жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Смирнова И.А. келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқыды:

  • Сүт ферменттерінің сипаттамасы. Сүт сапасын бағалауда ферменттердің қасиетін пайдалану;
  • Алғашқы өңдеуде, сақтауда, тасымалдауда және алу барысында туындаған бұзылулар, шикі сүттің ақаулығы;
  • Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы;
  • Сиыр малының шикі сүті. Техникалық шарты;
  • Сүт өнімдері өндірісінде сөрелі (ұйытқыш) дақылдарды пайдалану;
  • Кәсіпорындағы өндірістік бақылаудың түрлері;
  • Минералды заттардың жалпы сипаттамасы. Сүттің тұздылық құрамы;
  • Сүт және сүт өнімдеріндегі макро және микроэлементтердің рөлі;
  • Шикі сүттердің және т.б. микробиологиясы.

Студенттер өткізілген сабақтарға өз қызығушылықтарын танытты, дәріс барысында өз белсенділіктерін көрсетті, дәріс тақырыбына қатысты көптеген сұрақтар қойып талқылауға қатысты.

Смирнова И.А. информатика және математика кафедрасының оқытушыларымен бірге дәрістік, зертханалық және тәжірибелік сабақтарды жүргізудің әдістемелеріне қатысты өзекті сұрақтарды талқылауға қатысты.

2016 жылдың 20 сәуірі күні Смирнова И.А. заманауи ғылымның қазіргі уақыттағы мәселелері, өзекті сұрақтары мен даму мүмкіндіктеріне арналған, ақпаратты-техникалық факультетінің базасында өткізілген «Заманауи ғылымның жағдайы мен даму жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ