Жаңалықтар

КазГЮИУ-дың халықаралық ынтымақтастығы: Қазақстан және Ресей

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 29.04.2016.

 

Т.Ф.Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті арасында халықаралық ынтымақтастық және академиялық ауысым туралы келісімді жүзеге асыру аясында 2016 жылғы сәуір айының 18-23 аралығында «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Р.Ш.Тахтаева КузМТУ «Мемлекеттік және муниципалды басқару» және «Шағын және орта бизнес кәсіпорындағы қызмет көрсету» мамандықтары студенттеріне «Мемлекеттік саясат және басқару» курсы бойынша дәріс оқыды.

Т.Ф.Горбачев атындағы КузМТУ-і үшін Р.Ш.Тахтаеваның оқыған дәрістері берілген бағыт бойынша шетелдік ғалымдармаен ең алғашқы кездесу болып табылады.

2016 жылы 20 сәуірде Р.Ш.Тахтаева арнайы шақырылған қонақ ретінде Т.Ф.Горбачев атындағы КузМТУ қабырғасында «РОССИЯ МОЛОДАЯ» атты жас ғалымдардың қатысуымен өткен VIII Жалпы Ресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық мәжілісінде «Экономика және туризм» тақырыбы баяндамасымен қатысты. Берілген баяндама жоғары бағаланып, Т.Ф.Горбачев атындағы КузМТУ-нің сайтына жарияланды.

(http://kuzstu.ru/news/science/plenary_session_russia_young_in_int_and_evi/#prettyPhoto[news]/10/)

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ