Жаңалықтар

КазГЮИУ –дің филология кафедрасының доценттері Қырғызстанда өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 30.04.2016.

Гуманитарлық факультеттің доценттері Ф.Гайнуллина, Р.Мұқажанова, Т.Қабышев 2016 жылдың 28-29 сәуірінде  Бішкек қаласында (Қырғызстан) Ататүрік – Ала-Тоо және Сүлеймен Демирел атындағы (Қазақстан) халықаралық университеттерінің ұйымдастыруымен өткен «Мәдениетаралық байланыс: тіл, әдебиет, аударма және журналистиканың білім берудегі орны» атты ҮІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып қайтты.

Конференцияға қатысушы ғалымдар «Бүкіләлемдік әдебиет және фолклор: өткені, бүгінгісі, келешегі» атты секциясында баяндама ғана жасап, АҚШ, Босния, ҚХР, Германия, Түркия, Жапония, Қырғызстан және т.б. елдерден келген ғалым- әріптестермен гуманитарлық ғылымның бүгінгі жағдайы және ғалымдар көзқарастарымен ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ, конференция бағдарламасы бойынша 30-шы жылдары репрессия құрбандарына арналған «Ата-Бейит» мемориалдық комплексіне барып зиярат етті. Бұл жерде Қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов жерленген. Оған арнап мемориалдық кешен және мұражай ашылған. Сонымен бірге Токмақ қаласының іргесіндегі түркі халықтарына ортақ 10-11 ғасырларда тұрғызылған «Қарауыл-діңгек Бурана» сәулет кешеніне барып қайтты.