Жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық аясында Поль-Валери, Монпелье 3 университеті (Монпелье, Франция) әріптестердің сапары

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 01.05.2016.

2016 жылдың 25-29 cәуір аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті гуманитарлық факультетінің филология кафедрасының оқытушылар ұжымы және біліми бағдарлама интернационаландыру орталығының қолдауымен халықаралық қызметтестік келісім-шартты жүзеге асыру аясында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мен Поль-Валери, Монпелье 3 (Франция) университеті бір қатар шаралар өткізді.

5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандық бойынша студенттерге және ағылшын тілі оқытушыларына шақырылған ғалымдар: профессор Клод Шастанье мен профессор Клэр Омовэрдің қатысуымен семинарлар өткізілді.

Клод Шастанье және Клэр Омовэр ғалымдары ағылшын филология бағдарына қатысты келесі семинарларды өткізді:

– Intercultural communication;

– American studies;

– Teaching and studying the English-speaking literature of the Commonwealth countries (postcolonial literature);

– Designing effective PowerPoint presentations in the English classroom.

Сапар аясында К. Шастанье мен Клэр Омовэр 27 сәуір күні халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасады.

image-04-05-16-21-23-3