Жаңалықтар

Еуропалық жоғары оқу орындарымен серіктестік

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 01.05.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті еуропалық жоғары оқу орындарымен академиялық   және  ғылыми ынытмақтастықты   белсенді дамытуда.

2015-2016 жылдары Поль-Валери Монпелье III(Франция, Монпелье қаласы), Қаржы және басқарудың жоғары мектебі (Польша, Белосток қаласы) және Испания, Польша, Болгария университеттерімен студенттерге және оқытушыларға арналаған  академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ынтықмақтастық туралы келісім-шарттарға қол қойылды.

Қысқа мерзім ішінде «Экономика» мамандығы бойынша  Қаржы және басқарудың жоғары мектебімен (Польша, Белосток қаласы)  ортақ білім бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылды. Қазіргі таңда «Филология» мамандығы бойынша Поль-Валери Монпелье III Университетімен (Франция, Монпелье қаласы) ортақ магистрлік бағдарламаны жүзеге асыру қарастырылуда.

Осы жылы Франция, Германия, Испания және Ресейдің қатысушы жоғары оқу орындарымен және академиялық ұтқырлық туралы ынтымақтыстықты, студенттерге және магистранттарға арналған бағдарламаларды, екі диплом бағдарламасын жүзеге асыруды қалаушылар арасында  өзара келісім бойынша ортақ халықаралық каталог шығарылды.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің халықаралық каталогқа  енгізілуі университеттің халықаралық деңгейін жоғарылауына және еуропалық білім кеңістігінде серіктестікті дамытуға үлесін қосады.