Жаңалықтар

Қаржы және басқару жоғары мектебіне (Польша, Белосток қаласы) оқуға шақырады.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 01.05.2016.

Хабарландыру

Құрметті студенттер!

Сіздерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша,  2016-2017 оқу жылының  күзгі/көктемгі семестрлері бойынша  Қаржы және басқару жоғары мектебіне (Польша, Белосток қаласы)  оқуға шақырамыз. Оқыту ағылшын және орыс тілінде өткізіледі.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

  1. Қатысушы келесі мамндықтардың 2-3 курс студенті болуы тиіс:
  • Экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Менеджмент
  1. Ағылшын тілінде оқушыларға: TOEFL IBT – 71, IELTS- 5.5;
  2. GPA: 2.5/ 4.0 (B) немесе жоғары;

Қаржы және басқарудың жоғары мектебінде (Польша, Белосток қаласы)  оқу ақысы бір семестрге 650 евро және бір оқу жылына 1300 евроны құрайды, сонымен қоса студент жол ақысын, тамақ және тұрақ шығындарын,мед.қамсыздандыру шығындарын өзі төлейді.

Өтінішті қабылдау мерзімі :

 Күзгі семестр үшін 2016 жылдың 20 тамызына дейін.

(Семестр басталуы 2016 жылдың қараша айы)

 Көктемгі семестр үшін 2016 жылдың 12 желтоқсанына  дейін.

(Семестр басталуы 2016 жылдың ақпан айы)

Толық ақпаратты алу үшін:

Білім бағдарламаларын  интернационалдау орталығы

Ленина көшесі 11,Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Тел. 8(722)2360363(ішкі нөмір 124)