Жаңалықтар

КазГЮИУ-дың филология кафедрасының оқытушылары біліктілікті арттыру курстарын өтті.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 01.05.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің филология кафедрасының оқытушылары Қадырманова А.Қ., Нугуманова Б.Б., Кныш И.С. 18.04.16 ж. бастап 29.04.16 ж. дейін Алматы қаласының әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қарасты біліктілікті арттыру институтында «Орыс тілінің оқыту әдістемесі» атты 72 сағаттық курс өтті.

Оқу бағдарламасы өте қызықты болды. Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың инновациялық әдістемесінің дәрісін әль-Фараби атындағы ҚазҰУ–нің шетелдіктерге арналған тілдік және жалпы білімділік дайыңдау кафедрасының профессоры, филология ғылымының докторы Утебалиева Гүлнар Ерғазықызы оқыды. Сондай-ақ КазГЮИУ оқытушыларының ҚазҰУ-нің орыс тілі оқытушылары Кильдюшова И.В. және Есбулатова Р.М.-ның тәжірибелик сабақтарына қатысуға мүмкіндігі болды. Олар сабақ барысында өзінің оқыту әдістемесімен таныстырып, педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. Курс өту барысында университеттің кітәпханасында да жұмыстар жүргізілді (әдістемелік материалдармен, оқыту құралдармен танысу).

Оқу соңында Кадырманова А.К., Нугуманова Б.Б. және Кныш И.С. оқытушыларына инновациялық курстарын сәтті өткендері үшін салтанатты түрде күәліктер табысталды.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ