Жаңалықтар

КазГЮИУ студенттері Ресейдегі ғылыми конференциядан жеңіспен оралды

Опубликовано 03.05.2016.

2016 жылдың сәуір айының 28-29 күндерінде заң факультетінің 3 курс студенттері  Алтай экономика және құқық академиясы (Барнаул қаласы) ұйымдастырған «Қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық-құқықтық мәселелері: тарихы мен қазіргі заманауи жағдайы» атты ХІХ халықаралық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференцияға қатысты.

Конференция жұмысының  нәтижелері бойынша бізідің университетіміздің заң факультетінің студенттері конституциялық, әкімшілік, кеден  және халықаралық құқық салалары бойынша жоғары және сапалы білім көрсете білді. Бірқатар студенттер келесідей орында мен номинацияларға ие болды:

  1. «Конституциялық, халықаралық және әкімшілік ққық» секциясы бойынша ІІ дәрежелі дипломымен Ю-312 топ студенті Ахмеров А.А. марапатталды.
  2. «Мемлекеттік және муниципалды басқару» секциясы бойынша ІІ дәрежелі дипломымен Ю-318 топ студенті Салыков А.А. марапатталды.
  3. «Өзектілікке бағытталған баяндама» номинациясында жеңіске жеткені үшін дипломмен Ю-314 топ студенті Данильева М.И. марапатталады.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификаттар мен «Гарант»ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету  жүйесі табыс етілді.