Жаңалықтар

Заңгерлердің халықаралық тәжірибесі

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 04.05.2016.

2016 жылдың 04-19 сәуір аралығында КазГЮИУ-нің заң факультетінің  ҚҚП кафедрасының магистранттары және оқытушылары Ресей Федерациясы Барнаул қаласы Алтай экономика және құқық академиясында халықаралық тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан өту кезінде оқытушылар және магистранттар XIX халықаралық ғылыми-тәжірибелік студенттік «Қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық-құқықтық мәселелері: тарихы және қазіргі жағдайы» конференциясына қатысып, дөңгелек үстел барысында ЕЭО мемлекеттері қатысушыларының қылмыстық заңнаманы реформалаудағы өзекті сұрақтары мен мәселелерін талқылады, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстерінің мазмұнына салыстырмалы талдау жүргізді.

Тағылымдамадан өту барысында оқытушылар мен магистранттарға «Ресей және шет мемлекеттерде қылмыстық құқық ғылымының дамуының өзекті мәселелері» (з.ғ.д., профессор Плаксина Т.А.) және «Конституциялық құқық ғылымының дамуының негізгі үрдістері» (з.ғ.к. доцент Казьмина Е.А.) пәндері бойынша дәрістер оқыды, «Ғылыми зерттеу жүргізу кезінде оқу-ғылыми зертханаларды қолдану мүмкіндігі» тақырыбына зертханалық тәжірибе жүргізілді, сондай-ақ «Ғылыми зерттеу жүргізуде қазіргі ақпараттық ресурстардың маңызы және рөлі» тақырыбына  Барнаул қаласы ААЭП кітапханасының директоры шеберлік сыныбы өткізді.

Тағылымдаманың соңында КазГЮИУ ЗФ магистранттары және оқытушыларына халықаралық тағылымадан өту туралы және дөңгелек үстелге қатысқаны үшін сертификаттары берілді.

КазГЮИУ-нің заң факультетінің  ҚҚП кафедрасының оқытушылары жаңа шығармашылық күш-қуатпен алған заңи білімдерін оқу процесіне жедел енгізе бастады. Жарайсыңдар!

сертификаты