Жаңалықтар

КазГЮИУ Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының Семей қ. бойынша пробация қызметімен ынтымақтастығы

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 04.05.2016.

 

2016 жылдың 23 сәуір күні КазГЮИУ ЗФ ҚҚП кафедрасының құқықтану магистрлері, аға оқытушылары Стамгазинова С.С., Айдарова А.А. пробация қызметінің қызметкерімен бірлесіп «ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен дәріс сабағын өткізді.

2016 жылдың 23 сәуір күні КазГЮИУ заң факультетінде «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарының 3 курс студенттері үшін  «ҚР қылмыстық-атқару құқығы»  пәнінен «Жазаны өтеуден босату. Жазасын өтеуден босатылған сотталғандарға көмек және оларды бақылау. Шартты түрде сотталған адамдарды пробациялық бақылау» тақырыбы бойынша бірлескен дәріс сабағы өткізілді. Дәрісті өткізгендер: ҚР ШҚО бойынша Семей қ. Затон ауданы ШҚО ІІД ҚАЖК Семей қ. бойынша ҚР ШҚО  ҚАЖД пробация қызметінің аға инспекторы, аға лейтенант Касымова Гульмира Ахтаевна және КазГЮИУ ЗФ ҚҚП кафедрасының құқықтану магистрлері, аға оқытушылары Стамгазинова С.С., Айдарова А.А.. Дәріс сабағын өткізу барысында, жазасын өтеуден босатылған сотталғандарға көмек көрсету түрлері, оларға пробациялық бақылауды жүзеге асырудың мәселелері, сондай-ақ әрбір сотталушы үшін қызметкердің жауаптылығы туралы қарастырылды.  Сонымен қатар, студенттер Пробация Қызметінің қызметкеріне  сұрақтарын қою арқылы Пробация Қызметі туралы, теориялық білімдерін тәжірибеде жүзеге асыруға қатысты толық ақпараттарын алды. Студенттер осындай ашық дәрістердің өткізілуіне алғыстарын айтып, келешекте құқық қорғау органдарының қатысуымен болып тұруына ұсыныс жасады.