ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Kadir Has Университетіне (Түркия, Стамбул қаласы) оқуға шақырады.

Опубликовано 05.05.2016.

 

Хабарландыру

Құрметті студенттер!

Сіздерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша,  2016-2017 оқу жылының  күзгі/көктемгі семестрлерінде Kadir Has Университетіне (Түркия, Стамбул қаласы)  оқуға шақырады. Оқыту ағылшын тілінде өткізіледі.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

  1. Қатысушы 2-3 курс студенті болуы тиіс;
  2. Ағылшын тілінің деңгейі: TOEFL IBT – 71, IELTS- 5.5;
  3. GPA: 2.5/ 4.0 (B) немесе жоғары;
  4. Деканаттан ұсыныс хат қажет.

Kadir Has Университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу тегін.

Студент жол ақысын, тамақ және тұрақ шығындарын,мед.қамсыздандыру шығындарын өзі төлейді.

Kadir Has Университетінің (Түркия, Стамбул қаласы)   академиялық ұтқырлық бағдарламасы келесі мамандықтарға арналған:

  • Ақпараттық технология және ақпараттық ғылым менеджменті
  • Есептеу техникасы
  • Электрондық техника
  • Электроэнергетика
  • Халықаралық байланыс, саяси ғылымдар және мемлекеттік басқару
  • Халықаралық сауда және қаржы
  • Экономика
  • Бизнесті басқару
  • Психология
  • Құқықтану

Өтінішті қабылдау мерзімі :

 Күзгі семестр үшін 2016 жылдың 12 мамырына дейін.

 Көктемгі семестр үшін 2016 жылдың 12 қарашасына дейін.

Толық ақпаратты алу үшін:

КазГЮИУ Білім бағдарламаларын  интернационалдау орталығы

Ленина көшесі 11,Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Мусабаева Аяулы

Тел. 8(722)2360363(ішкі нөмір 124)

Ұялы тел.87076591275