Жаңалықтар

Гуманитарлық факультеттегі халықаралық ғылыми-практикалық конференция

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 06.05.2016.

2016 жылдың 27-28 сәуір айында Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінде ғалымдардың бас қосуымен «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және жаңа технологиялар саласындағы қазіргі заманғы зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Халықаралық конференцияға Қазақстанның Павлодар, Өскемен қалаларынан және Франция мемлекетінен арнайы ғалымдар қатысты. Конференция жұмысына сонымен қатар, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің оқытушы-профессорлары, магистранттар, докторанттар қатысты. Конференцияға қатысушылар өздерінің гуманитарлық ғылымы саласындағы ғылыми жұмыстарын, баяндамаларын ұсынды.

Пленарлық отырыста конференцияның негізгі тақырыбы бойынша 7 баяндама болса, секциялық отырыстарда 93 баяндамаға өтініш түсті, соның ішінде 45 баяндама тыңдалды.

Конференция жұмысы 6 секция бойынша жүргізілді.

Конференцияның екінші күнгі жұмыстары барысында шақырылған қонақтарды Семей жеріндегі тарихи-мәдени орындарына «Тарихи өлкетану мұражайы», «Невзоров отбасы», «Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайын» аралатып, қазақтың талай ұлы тұлғалары дүние есігін ашқан Семей өңіріндегі Жидебайдағы қорық-мұражайына саяхат жасалды.