ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

«Enactus National Expo – 2016» ұлттық сайыстарында Enactus КазГЮИУ командасы жоғары нәтижеге жетті

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 12.05.2016.

5-6 мамыр 2016 ж. Алматы қаласында Enactus КазГЮИУ командасы «RAIMBEK» компаниясының «Как накормить Казахстан» тақырыбындағы арнайы сайысына және «Enactus National Expo – 2016» ұлттық сайыстарына қатысты.

5 мамыр 2016 ж. «InterContinental» отелінде барлық қатысушылардың жобалары қорғалып, 6 мамыр күні нәтижелері белгілі болды. Enactus КазГЮИУ командасы ұсынған «Микроклондау әдісі арқылы брокколи өндіру» жобасы жүлделі 2 орынға ие болып, 250000 теңге жүлдені жеңіп алды.

«Enactus National Expo – 2016» ұлттық сайыстарына Қазақстанның Жоғары оқу орындарынан 42 команда қатысты. Enactus КазГЮИУ командасы ұсынған: Kemel» (Балаларды дамыту орталығын жетілдіру), «Нептун» (Балықты өңдеу және өндіру) и «AulHelp» (Ауылдық аудандарды дамыту) 3 жобасын жоғары сенімділікпен қорғап шықты. Ұлттық сайыс қорытындысы бойынша Enactus КазГЮИУ командасы 3 орынды иеленді.

Құттықтаймыз!

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ