Жаңалықтар

Заңдылық-тұрақтылық кепілі

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 16.05.2016.

2016 жылдың 11 мамыр күні гуманитарлық факультеттің филология кафедрасы Г-329 топта кураторы Г.О.Мүрсәлімнің ұйымдастыруымен «Заңдылық – тұрақтылық кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының  мақсаты – студент жастарға заң білімі саласынан мағлұмат беру, өз құқықтарын жете білу және оны өмірде қолдана білуге үйрету, адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағатына мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы – М.Бақтыбеков, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі – М.Түйебаев, филология кафедрасының меңгерушісі – Қ.Төлебаева, жастар саясаты орталығының басшысы – Р.Садықова, жастар саясаты орталығының бас маманы – Р.Бауыржанов қатысты. Олар тақырып аясындағы біршама проблемалық мәселелерді атап көрсетіп, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына бірлесіп жауап іздеді. Сонымен қоса, Г-329 тобының студенттері құқық бұзушылық, заң ережелерін сақтау туралы өздері жүргізген кішігірім зерттеулерін ұсынды.