Жаңалықтар

Ақпараттық-техникалық факультетте оқытушыларға арналған дәріс өтті.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 18.05.2016.

2016 жылдың 17-мамырында, сағат 14.00 қолданбалы биологии кафедрасында  «Ферменттелген сүт өнімдері өндірісінде ісікке қарсы әсер ететін дәрілік өсімдіктерін биотехнологиялық қолдануын өңдеу» атты ГФ4/3028 Республикалық қолданбалы ғылыми жоба аясында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Кафедра меңгерушісі, доцент А.Ш. Қыдырмолдина семинар тақырыбының қазіргі таңдағы өзектілігін атап өтті.

Кейбір өсімдік компоненттерін қатерлі ісік ауруларын емдеуде мүмкіндігін пайдалану (б.ғ.к., Тазабаева К.А.), өсімдік экстрактарының иммуномодульді әсері (б.ғ.к., доцент А.Ш. Қыдырмолдина), сүт өнімдерін дайындауда өсімдік ұйытқыларын пайдалану (аға оқытушы Ш.Т.Қырықбаева), дәрілік өсімдіктерден сироп алу туралы (оқытушы Э.Қ.Омарханова) баяндамалар тыңдалды.

Семинарға жалпы орта білім беретін мектептердің биология пәні мұғалімдері де қатысты.