Жаңалықтар

КазГЮИУ Әскери кафедрасының гүлденген бағы

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 19.05.2016.

Көктемнің келуімен Семей қаласының ҚазИГЗУ әскери кафедрасының жекеленген аумағында көркейту жұмыстары басталып кетті. Өткен жылы 50 астам ағаш және жергілікті бұтаның сорты отырғызылса, биыл ЖОО бөлімшелерінің орман-бағын оңтүстік астанадан әкелінген көгілдір шыршалар және туя толықтырды.

Әскери кафедраның жеке құрамының күшімен Қазақстан Республикасының қазіргі армиясы туралы екі баннері ағаштар арасынан орын тапты,  қазақ батырларының және Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ ардагерлеріне арналған аллея жасалды.

Әкімшілік және оқу ғимаратының маңында, ең бірінші көп жылдық гүлдер: мальва және сентябрин; кейіннен бір жылдық – петунья, сальвия, циннии, георгин және астралар жергілікті ауа райын ескере отырып кезең бойынша отырғызылып жатыр. Бізде биыл отырғызатын көшеттеріміздің саны мыңға жуық.

Қала акиматының кәсіпорын және оқу ұйымдарына бекітілген аймақты көркейту талаптарына сәйкес, ағаш көшеттерін және гүлдерді отырғызу жалғасып жатыр, қазір гүлдер орналасқан жеріміздің көрінісін әрлеп тұр.

Біздің күтуіміз бойынша, 1,5-2 айдан кейін отырғызған гүлдеріміз саптық плацтың аумағын әсемдікке толтырады, әскери кафедра ұжымының және қонақтарда көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырады, мемлекетіміздің талаптарына сәйкес әскери-оқыту резервін дайындау бойынша тапсырмаларды орындауда ынталандыратынына сенімдіміз.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ