Жаңалықтар

КазГЮИУ мен Женева академиялық орталығы (Швейцария, Женева) арасында халықаралық он-лайн конференция

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 25.05.2016.

 

2016 жылдың 24 мамырында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Женева академиялық  орталығы,  NICE  қауымдастығының демеуімен Инновациялық Еуразия университеті арасында  «Швецариялық банк үлгісінде  коммерциялық банктердің дамуының халықаралық тәжірибесі» тақырыбына арналған он-лайн конференция өткізілді.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті жақын және алыс шет елдермен халықаралық ынтымақтыстықты белсенді дамытуда. Бүгінгі таңда Еуропа және Азия мемлекеттерінің әр-түрлі жоғары оқу орындарымен  95  келісім шартқа қол жеткізілді.

2016 жылдың наурызында келісім шартқа қол қойылғаннан кейін құрамына  Экономика ғылымдар институты, Еуропалық тілдер институты, мектептер және лицейлер  киретін Швейцария мемлекетінің Женева академиялық орталығымен ынтымақтасуға мүмкіндік туды.

Конференцияның негізгі мақсаты:  Швейцариялық банк жүйесі бойынша кезекті шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану мүмкіндігі және қазіргі коммерциялық банк дамуының  маңызды мәселелерін талқылау.

Конференцияның  қатысқан Женева қаласынан Швейцариялық банк жүйесінің тәжірибелі өкілдері :

Christian Goecking , Швейцария банктерінің қауымдастық мүшесі,  Berney Associes қаржы кеңесшісі, Женева академиялық орталығының  (Geneva Academic Center SA) оқытушысы, NAFICO-ның (Швейцария, Женева) негізгі кеңесшісі;

Urs Schneider ,  “Tradition” қаржы компаниясының басшылар кеңесінің мүшесі, Гарвард университетінің (АҚШ) «Comparative Multinational Enterprise Study» зерттеу ценртінің серіктесі, IMI (Швейцария), INSEAD (Париж), MBA бағдарламасының ғылыми жетекшісі. «International Finance & Commodities Institute/International Financial Risk Institute»  менеджері,  SFI (Swiss Finance Institute) академиялық кеңес мүшесі;

Е.Газанова , Женева академиялық центрінің директоры.

Семей қаласынан конференцияға АО «Цесна Банк», АО «ЦентрКредит Банкі», АО «Халық банк» коммерциялық банк өкілдері,  «Карьера и бизнес» инновациялық білім консорциумы және ҚазИГЗУ-дің оқытушылар қауымы қатысып отырды.

Талқыланған негізгі мәлелер қатарына коммерциялық банк жүйесінің қызметі, банктердің маркетингтік стратегиясы бойынша тұжырымдамалар, банк өнімдері мен қызметтерінің нарықта дамуы, банк өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеу ерекшеліктері және банктердің тарифтік  саясаты бойынша сұрақтар енгізілді.

Өткізілген конференция қатысушылардың  ынтымақтастыққа  деген қызығушылығын оятты.