Жаңалықтар

Қаржы-экономикалық факультет студенттері ІХ Астана Экономикалық Форумына қатысты

Опубликовано 27.05.2016.

Жыл сайынғы Астана Экономикалық Форумы – қазіргі заманның басты экономикалық және әлеуметтік мәселелерімен күресте тиімді шешімдер шешуге арналған диалог алаңы. ІХ Форумның басты тақырыбы – «Жаңа экономикалық шынайылық: диверсификация, инновациялар және білімдер экономикасы».

Форум әлемдік көшбасшылардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, саяси және қоғамдық қайраткерлердің, түрлі қаржы институттары мен бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің басын қосатын өзінің ауқымы бойынша бүкіл Еуразиялық кеңістікте баламасы жоқ.

Форумның Басты ұйымдастырушысы – «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы, бұл ұйым 2008 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысты еңсеру механизмдерін іздеуге арналған жаһандық құрал ретінде құрылды.

Қаржы-экономикалық факультетіндегі «Экономика» және «Қаржы» мамандықтарының студенттері Секенова Еркежан, Серікқажиева Толғанай және Султанова Галия 2016-жылдың 25-26 мамыр күндері өткен дәстүрлі Астаналық Экономикалық Форумға қатысты.

ІХ Форум аясында біздің студенттер «Гипержаһандану дәуірінің соңы: жаңа шарттар», «Қазақстан Республикасында бөлшек сауда мен қызмет көрсетулер индустриясының дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы», «Жасыл экономика: әлеуметтік инновациялар, экономикалық өсу және экология» секілді пікірталас алаңдарына қатысты.

КазГЮИУ студенттері ІХ Астаналық Экономикалық форумға қатысушы сертификаттарымен оралды.