Жаңалықтар

Қаржы- экономикалық факультет студенттерінің халықаралық ғылыми жетістігі

Опубликовано 27.05.2016.

Студенттердің біліктіліктерін дамыту үшін тәжірибе алмасу қажет. Осыған орай 26 мамыр күні факультеттің студенттері  Барнаул қаласында Қаржы университетінің филиалында «Қазіргі маман-кәсіпқой: теория және тәжірибе» атты магистранттар мен студенттерге арналған 8- ші Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысты.  Конференция Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетімен бірлесіп өткізілді.

Конференцияның  форматы классикалық түрде өткізілді: пленарлық және төрт секция жұмыс жасады.  Студент А. Толенов пленарлық отырыста баяндама жасап, ерекше атап өтіліп, үшінші орынға ие болған (ғылыми жетеікшісі- э.ғ.д, С. Зиядин).

Секциялардың жұмыс барысында факультет атынан қатысқан студенттер келесі жетістіктерге жетіп марапаттарға ие болды:

  1. Мәселені талқылауға ерекше көзқараспен қарағаны үшін –Сатбаев Жумадил (ғылыми жетекшісі –PhD докторы З. Турдиева).
  2. Ғылыми жұмыстың тақырыбының жоғары өзектілігі үшін – Исаханова Динара (ғылыми жетекшісі- э.ғ.д., қауымдастырылған профессор С. Зиядин).
  3. Әр түрлі секцияларда жүлделі орындарға ие болғандар:
  • 2 орын – Исабекова Молдир, (ғылыми жетекшісі. – э.ғ.к. М Молдажанов);
  • 2 орын – Зарипов Айдар, (ғылыми жетекшісі. – PhD докторы З. Турдиева);
  • 3 орын – Джумабекова Молдир, (ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., қауымдастырылған профессор С. Зиядин);
  • 3 орын– Паршина Марина, (ғылыми жетекшісі э.ғ.к. М. Молдажанов)

Конференцияға қатысушылар мен ғылыми жетекшілерді жетістіктерімен құттықтаймыз!