Жаңалықтар

Қаржы-экономикалық факультет студенттері Ресей банктерінде тәжірибе өтті

Опубликовано 28.05.2016.

Қаржы-экономикалық факультеттің «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарының 3-курс студенттері академиялық ұтқырлық аясында 23.05.2016 ж. –  27.05.2016 ж. аралығында Барнаул қаласында РФ Үкіметінің жанындағы Қаржы университетінің базасында оқу тәжірибесінен өтті.

Оқу тәжірибесінің мақсаты студенттердің жоғары оқу орнының қызмет ету бағыттарымен, білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіби қызметтің түрлерімен, функцияларымен және міндеттерімен танысу табылады.

Серіктес жоғары оқу орны тәжірибеден өтуде Ресей ірі банктерінің қатарындағы   «Сибсоцбанк», «ВТБ 24» банктерін тәжірибе базасы ретінде қамсыздандырды.

Тәжірибе бағдарламасына келесі іс-шаралар енгізілді:

– банк өкілдерімен кездесу;

– банк құрылымымен танысу;

– ақша-есептеу машиналарын, банктік карталар, монеталар макеттерін көрсету және оларды қолданумен жұмыс жасау;

– «Сибсоцбанк», «ВТБ 24» бас ғимаратында экскурсия.

Оқу тәжірибесі соңында студенттерге сертификаттар берілді.

Осындай іс-шаралар нәтижесінде студенттер біліктілігін дамытуға мүмкіндік береді.