Жаңалықтар

Ынтымақтастықтың жаңа тармағы

Опубликовано 30.05.2016.

2016-жылдың 23-і мен 27-ші мамыры аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мен Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Барнаул филиалы (Барнаул қ., РФ) арасындағы   халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық туралы келісімшартты жүзеге асыру шеңберінде «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. М. Молдажанов «Экономика», «Менеджмент» және «Персоналды басқару» мамандықтарының студенттеріне «Қазақстан Республикасы салық жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды.

Сонымен қоса, М.Молдажанов Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Барнаул филиалы қабырғасында өткізілген студенттер мен магистранттардың VІІІ халықаралық «Заманауи маман-кәсіпқой: теория және тәжірибе» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысына құрметті қонақ ретінде  шақырылды.