Жаңалықтар

КазГЮИУ 2016 жылдың түлектер кеші

Опубликовано 31.05.2016.

2016 жылдың 26-мамыр күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Қаржы-экономикалық факультетінің түлектері студенттік жылдарымен қоштасып, өмірдің жаңа парағын ашуға бас қосты. КазГЮИУ қабырғасында олар естен кетпес студенттік өмірлерін артта қалдырып, үлкен өмірге жолдама алды.

Студенттерге дипломдарын   тапсыру  рәсімі университет  бас ғимаратының  акт  залында  өткізілді.  Мерекені университет ректоры  атынан ректор кеңесшісі А.Мукатаева және факультет деканы э.ғ.д., қауымдастырылған профессор С. Зиядин өз атынан студенттерді құттықтау сөзімен ашты.

Салтанатты кештің ерекше  сәті  ретінде үздік дипломмен аяқтаған студенттерді құттықтау болды. Сол түлектердің арасында Президент шәкіртақысының иегерлері: Оразғажин Е., Сайдуллаев Қ., Бірқазақ Г.,  Вахриева С., Младенцев А..  АҚ «Қазақстан Халық  банкінің» шәкіртақысының  иегерлері атанған Оразгажин Е., Младенцев А.

Биыл оқуды тәмамдап жатқан студенттер арасында өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандар да бар. Қасымханова Динара «Сбербанк» АҚ Семей қаласындағы филиалында консультант-менеджер болып орналасты, ол сөз сөзінде университет қабырғасында алған білімдерін қызмет барысында табысты қолданатынын айтты Төлеубекова Асель өзінің алған терең білімі мен біліктіліктері үшін алғыс білдірді.

Түлектердің алдында өмірде өз орын табу, міндеті тұр. Дегенмен, қазірдің өзінде қабылдаған дұрыс шешімдері бар: олар Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінде оқып, білім алды.

Ал КазГЮИУ дипломы – табыс кепілі.