Жаңалықтар

Сыр студенттері Абай елінде

Опубликовано 31.05.2016.

Біздің университетімізге Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, «Сырдария» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері жаздық оқу (фольклорлық) тәжірибесінен өтуге келді.

Сыр елінің студенттері 23.05.-28.05.2016 жыл аралығында Семей қаласындағы Абайдың тарихи-мәдени және мемориалдық мемлекеттік қорық-мұражайында және   Абай мұражайының кітапханасында болып танысты. Абай ауданына саяхат жасап,  Абай ауданы Бөрілі ауылындағы М.Әуезовтің мұражай-үйін, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйін тамашалап, Абай елінің тарихымен танысты, сонымен қатар, халық ауыз әдебиетіне қатысты көптеген мағлұматтар жинады.

Студенттерді Абай еліне бастап келген оқытушы Абенова Ләззат Усманқызы университет студенттерімен танысып, Г-323 топ және Г-329 топ студенттеріне «С.Мұқанов поэмаларының   тақырыптық және жанрлық ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды.

Сыр елінен Абай еліне келіп,  халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, зерттеу жүргізген студенттер Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті жайында, Семей қаласы жайында, Абай елі туралы, жалпы Шығыс елі туралы мәліметтерге молынан қанығып, өздерінің алған  әсерлерімен Сыр елінде қалған студенттермен бөлісуге асығатындарын жеткізді.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ