Жаңалықтар

София университетінің (Болгария) биология факультетінде әріптестердің кездесуі.

Опубликовано 09.06.2016.

22016 жылдың 8 маусымында  «Климент Охридски»  атындағы София университетінің биология факультетінің әріптестері мен  Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті өкілдері кездесу өткізді.

Қолданбалы биология кафедрасы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қарқынды дамып келе жатқан кафедраларының бірі. Кафедрада оқытушылары  өздерінің жоғары біліктілігімен және шығармашылығымен ерекшеленеді. Сондықтан, биотехнология мамандығының студенттері халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде, ал мамандықтың өзі жоғары сұранысқа ие.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ақпараттық технология факультеті және София университеті арасында академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында, «Климент Охридски» атындағы София университетінің биология  факультетінің деканы профессор С. Шишков,  биохимия кафедрасының  меңгерушісі проф. М.Оджакова, сондай-ақ, КазГЮИУ-нің  ғылым және халықаралық ынтымақтастық  проректоры Ә.Қайшатева , халықаралық ынтымақтастық бөлім басшысы Е.Шустова қатысқан  кездесу өтті.

Келіссөздер нәтижесінде студенттермен алмасу бағдарламасы аясында биотехнология мамандығының 2-ші және 3-ші курс студенттері 2016-2017 оқу жылының 2 семестрінде  ағылшын тілінде оқу тәжірибесінен өтуіне келісім жасалды.

Сонымен қатар, КазГЮИУ қолданбалы биология кафедрасының мамандары София университетінің  биология факультетінде ғылыми іс-тәжирибеден өтуіне мүмкіндік бар.