Жаңалықтар

КазГЮИУ ақпараттық-техникалық факультетінің түлектеріне диплом тапсырылды

Опубликовано 10.06.2016.

Салттанатты жиынға университет басшылары, оқытушылар мен ата-аналар қатысты.

Білікті маман атанған жастардың бірі еңбек жолын таңдаса, енді бірі ғылым саласында білімдерін шыңдамақ. Факультет студенттері халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі ғылыми конференциялар мен олимпиадаларда топ жарып жүр. Олардың арасында президент стипендиаттары  да бар.  Ақпараттық-техникалық  факультетінің студенттеріне білім беру барысында жаңа инновациялық технологияларды көп қолданамыз, – дейді факультет деканы.

МҰРАТ МАХАМБАЕВ – КазГЮИУ АҚПАРАТТЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ: «Бітіріп жатқан балаларымыз өте жақсы маман болады деген сенімдеміз. Біздің университетімізде, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінде студенттердің білім алуына өте үлкен жағдай жасалған.»

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  ақпараттық-техникалық   факультетін биыл 200 студент бітірді.  Олардың 20-ы қызыл диплом алды.

ЖАНДОС ЖАҚЫПОВ – ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ : «Өмірдегі ең алғаш, ең маңызды құжаттардың бірі – диплом алу рәсіміне қатысып отырмыз.  Осы уақыт бойы бізге білім берген ұстаздарымызға және университет басшылығына заман талабына сай сапалы білім бергеніне мың да бір алғысымызды айтамыз.

ТОЛҒАНАЙ ТИЫШТЫБЕКОВА – ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ: «Осы мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, Отанымызды көркейтуге үлесімді қосып, білікті маман иесі боламын деген ойдамын.»

Университет түлектерінің бірі өндірісте қызмет етуді ойласа, енді бірі  білімін одан әрі жалғастырмақ ниетте. Айта кетерлігі, былтырғы  түлектердің 75%-ы  бірден жұмысқа  орналасқан. ЕЖ, АӨ, СЖҚ 

Іс-шараның барлық фото осы сілтемеде.

Ақпарат қайнар көзі: http://semeytv.kz/kz/news/society/kazak-innovaciyalyk-gumanitarlyk-zan-universitetinde-akparattyk-tehnikalyk-fakultetinin-tulekterine-diplom-tapsyryldy