Жаңалықтар

Әскери ант қабылданды

Опубликовано 14.06.2016.

2016 жылғы маусым айының 11 күні КазГЮИУ әскери кафедра студенттері үшін салтанатты оқиға орын алды – әскери кафедра курсанттары әскери ант қабылдады. Аталмыш  іс-шара Семей қаласындағы 28738 әскери бөлімшесінде өтті. Осы маңызды мерекемен курсанттарды стратегиялық даму жөніндегі проректор Жампеисов Думан Абильтаевич, әскери кафедра бастығы полковник Сақауов Әдлет Балташулы, қалалық әкімшілік өкілеті, Ұлы Отан соғысының ардагелері және т.б. құттықтады.

Рәсімге әскери кафедра бітірушілердің ата-аналары, туған туыстары және достары қатысты.

«Жеке құраммен әскери ант қабылдансын» – бұйрығынан кейін, әрбір курсант қолындағы қаруымен өз Отанына адал болуға ант берді.