Жаңалықтар

София университетінде (Болгария) Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университет делегациясының сапары

Опубликовано 16.06.2016.

Болгария тарапының шақыруы бойынша 7-14 маусым аралығында София университетінде Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң  университет  делегациясы қабылданды.  Нақты бағдарламаларды жүзеге асыру үшін факультетаралық қосымша келісімшарттарға қол қою талқыланды.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң  университеті және София мемлекеттік университеті арарсында  2014 жылдың желтоқсан айында  ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ғылым және халықаралық  ынтымақтастық  проректоры  Ә.Қайшатаева және халықаралық ынтымақтастық бөлім басшысы Е.Шустова  София мемлекеттік университетінде  2016 жылдың 7-14 маусым аралығында болды.

Сапардың басты мақсаты- София  университетінің басшылығымен және әріптестерімен танысу,  мамандар дайындау бағыттары бойынша ынтымақтастықты арттыру.

София университетінде бірінші кездесулердің бірі тарих факультетінің деканы профессор Т. Попнеделевпен және оның әріптестерімен танысу болды.  Біздің университетімізбен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюдың бастамашысы  София университетінің тарих факультеті болғанын атап айтқан жөн.

КазГЮИУ делегациясы Ғылым және білім беру саласындағы Қазақстан-Болгар ынтымақтастықты дамыту жөніндегі  PredtechiBG директоры Виолета Добычина және София университетінің тарих факультетінің деканы Тодор  Попнеделевпен бірге.

София университетінің филология  факультетінде де қызықты кездесу өтті.  Қазақ инновациялық  гуманитарлық-заң университетінде  студентттер мен магистранттарға арналған  филология мамандықтары, соның ішінде  қазақ филологиясы  сияқтв арнайы мамандықтар бар.  София университетінің филология факуллтетімен қосымша  келісімге қол қою біздің филолог мамандарымызға серіктес университетте шетелде тәжірибе алуға  және семестрлік  оқу тәжірибесәнен өтуге  мүмкіндік береді.

КазГЮИУ делегациясы классикалық және қазіргі заман филология факультетінің  халықаралық білім бағдарламаларының бас координаторы Симеон Хинковски  және флассикалық және қазіргі заман филология факультет деканының орынбасары Цветомира Пашовамен бірге.

Келіссөздер барысында София университеті студенттер мен  ПОҚ-ға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ғылыми және академиялық ынытмақтастықты дамытуға өзара қызығушылығын білдірді.

2