Жаңалықтар

Болгария жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық нығаюда.

Опубликовано 05.07.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті техникалық мамандар дайындау мақсатында Болгарияның мемлекеттік униерситеті- София техникалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.

Ағымдағы жылда халықаралық ынтмақтастықты дамыту мақсаты Болгария мемлекеті жоғары оқу орындарымен белсенді сипат алды.

1

Проректор Л.Димитровпен

2016 жылдың көктемінде София техникалық университетімен серіктестік қарым-қатынас басталды. Маусым айында  Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің делегациясының ресми сапары   кезінде София техникалық университетінің басшыларымен, яғни оқу ісі жөніндегі  және халықаралық ынтымақтастық және аккредитация проректоры т.ғ.д  профессор Л.Димитров, машина жасау факультетінің деканы т.ғ.д  профессор М.Вичева және София техникалық университетінің ғылыми зерттеу зертханаларының  жетекші басшыларымен кездесу өтті.

Келіссөздер барысында академиялық ұтқырлық аясында  студенттермен алмасу бағдарламасына, жас мамандар мен магитсранттарға арналған іс-тәжірибе және  оқытушыларды ағылшын және орыс тілдерінде лекция оқуға шақыру сияқты сұрақтарға  үлкен көңіл бөлінді.

2

2016 жылдың қазан айына София техникалық университетінің делегациясы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне ресми іс-сапары  жоспарланған.