Жаңалықтар

«КазГЮИУ әскери кафедрасына 5 жыл» естелік медалімен марапатталды

Опубликовано 07.09.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті әскери кафедрасының құрылуына байланысты іс-шараларды әзірлеу мен өткізу жоспарына сәйкес ректордың шешімімен Түлектер қауымдастығына кіретін 38 түлек «КазГЮИУ әскери кафедрасына 5 жыл» естелік медалімен марапатталуға ұсынылды.

Марапатталғандардың ішінде: ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Жәнібек Бақтияров, «Казагрофинанс» АҚ лизинг және кепілмен қамтамасыз ету департамент бастығы Ринат Кемешов; Ақмола облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Еркебулан Жунісов; «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының заңгері Арнур Чигебаев; КазГЮИУ түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Санат Шогелов және т.б.

20160906_154703