Жаңалықтар

Серпін – 2050 бағдарламасы студенттері өлкетану мұражайында болды

Опубликовано 07.09.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқуға келген информатика және математика кафедрасының  И-117, И-113, И-119 топ студенттері кураторлары Д.Б. Махамбаев, С.А. Молдаханова, Т.А. Ахметғалым бірге Семей қаласындағы өлкетану мұражайына  экскурсияға барды. Экскурсия барысында студенттер өлкеміздің тарихи жәдігерлерін қызықтап, Семей өңірінің табиғаты мен мекендейтін құстар мен аңдар макеттерін көріп, олар туралы аса зор ынтамен тыңдады. Қазақ халқының ұлттық киімдерімен, салт-дәстүрін бейнелейтін жәдігерлермен танысты.

«Жақсы келді дегенше жарық келді десеңші»,  демекші біз мұражайға барған кезде, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңынада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырған «Ұлттық музей сенің қалаңда» атты мәдени тур Семей қаласында өтуде екен. Ұлттық музейдің ең құнды жәдігерлерінің бірі – «Алтын адамды» тамашалап, сонымен қатар Ел ордада орналасқан Ұлттық музей туралы да ақпараттар алып, арнайы бейнероликтермен 3D форматында музейдің әр залымен жеке-жеке танысты.

Ескіге естелік,  жас ұрпаққа тәлім  ретіндегі Отанымыздың бай тарихи мұрасына көз жүгірту, тереңнен бойлап, тағлым алуға арналған осындай орындардың Семей қаласында болғаны қандай тамаша. Саяхатымыздың мақсаты – Семей өлкесінің  тарихымен таныстыру болатын. Мақсат орындалды.