Жаңалықтар

Іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда

Опубликовано 14.09.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде әскери кафедраның ашылуына 5 жылдыққа байланысты іс-шаралардың үлкен кешені жүзеге асырылуда. Оқытушылар мен қызметкерлер студенттік жастарды әскери кафедраның құрылу тарихы, оның дәстүрлері, оқу-әдістемелік жұмыстағы ұжымның жетістіктерімен таныстыруда. Университет ректоры, с.ғ.д., профессор Ш.А.Құрманбаева атынан естелік медальдар тапсырылуда. Марапатталғандар ішінде: Жаныбек Бактияров – ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, Еркебулан Жунусов – Ақмола облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы басқарма бастығы, Думан Жампеисов – КазГЮУ стратегиялық даму жөніндегі проректор,Жаныбек Ыдрышев – Семей қ. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, Нурлан Томпаев – Семей қ. Алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы, әскери кафедраның биылғы түлектері – Бибарыс Бейсенов, Ерзат Камбаров және т.б.