Жаңалықтар

«Жаңа бизнесті ашуға қолдау» семинар-тренингі

Опубликовано 15.09.2016.

2016 жылдың 10-14 қыркүйек аралығында «Ақпараттық технологиялар және экономика» факультетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар-тренингке қатысты.

КазГЮИУ-дің «Ақпараттық технологиялар және экономика» факультеті ««Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ-ның ШҚО бойынша аймақтық филиалымен тығыз байланыста. Серіктестік шегінде факультет оқытушылары мен студенттері қатысқан семинарлар бірнеше рет өткізілді. Сонымен қатар, 5В050600 «Экономика» мамандығының студенттері оқу және өндірістік тәжірибе өтуі үшін ұзақмерзімді келісім-шарт жасалған.

Осылайша, серіктестік аясында 2016 жылдың 10-14 қыркүйек аралығында «Ақпараттық технологиялар және экономика» факультетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар-тренингке қатысты.

Семинар-тренинг ««Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ-ның ШҚО бойынша аймақтық филиалының қолдауымен ұйымдастырылған. Семинарды бизнес-тренер, «Нақты қадам» ЖШС-нің негізін қалаушы Андрей Романов өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты: қаржылық салымсыз-ақ жаңадан өз бизнесінді құру.

Кездесу барысында қатысушылар әлеуетті қолданушылардың мақсатты аудитория кестесін құру, сайт жасауға ақпарат жинау дағдыларын игерді, сонымен қатар сату интернет-сайтымен өздігінен жұмыс істеуге және түзетулер енгізуге үйренді.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша оқытушылар мен студенттерге сертификаттар берілді.