Жаңалықтар

КазГЮИУ Г-119 тобының студенті Қасенбай Еркеназ «Тілдарын» атты қалалық олимпиада III орын иеленді.

Опубликовано 16.09.2016.

14.09.2016 Қалалық Достық үйінде Семей қаласының мәдениет және тілдер дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының тілдері дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, іскерлік және қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жоғары оқу студенттері арасында «Тілдарын» қалалық олимпиадасын өткізді.

Аталған олимпиадаға Мағденова Айдана (III курс), Тулепбергенова Арайлым (I курс) және Қасенбай Еркеназ (I курс) Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің гуманитарлық факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері қатысып, олимпиаданың үш кезеңінде сүрінбей өтіп алғыс хатпен марапатталып және бағалы сыйлықтар алды.

Ал Қасенбай Еркеназ «Тілдарын» олимпиадасында III орын иеленді.

Осы жеңісімен Еркеназды шың жүректен құттықтаймыз! Оған шығармашылық табыс және үлкен жетістіктер тілейміз!