Жаңалықтар

Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті студенттер!

Сіздерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша, 2016-2017 оқу жылының күзгі/көктемгі семестрлерінде Польша мемлекеті Белосток қаласының Қаржы және басқару жоғары мектебіне оқуға шақырамыз. Оқыту ағылшын және орыс тілінде өткізіледі.

Бағдарламаға:

  • Экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Менеджмент мамандықтарының 2-3 курс студенттері қатыса алады.
  1. Ағылшын тілінде оқу үшін: TOEFL IBT – 71, IELTS- 5.5;
  2. GPA: 2.5/ 4.0 (B) немесе жоғары болуы қажет;

Польша мемлекеті Белосток қаласының Қаржы және басқару жоғары мектебінде оқу ақысы бір семестрге 650 евро, сонымен қоса студент жол ақысын, тамақ және тұрақ шығындарын,мед.қамсыздандыру шығындарын өзі төлейді.

Өтінішті қабылдау мерзімі :

 Күзгі семестр үшін 2016 жылдың 20 тамызына дейін.

(Семестр басталуы 2016 жылдың қараша айы)

 Көктемгі семестр үшін 2016 жылдың 12 желтоқсанына  дейін.

(Семестр басталуы 2016 жылдың ақпан айы)

Толық ақпаратты алу үшін:

Білім бағдарламаларын интернационалдау орталығы

Ленина көшесі 11,Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Тел. 8(722)2360363(ішкі нөмір 124)

Суретке сілтеме: http://immigrant.today/images/2016-04-19-055721-483100dcf.jpg