ЖаңалықтарЖастар Саясаты ОрталығыСерпін

«Серпін – 2050» жастары Жидебайға саяхат жасады

Опубликовано 19.09.2016.

17.09.2016 ж. КазГЮИУ «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасымен білім алып жатқан студенттер Ұлылар мекені Абай ауданына саяхат жасады.

Алғашқы тарихи – танымдық аялдама Мұхтар Әуезовтың туып өскен жері Бөрілі ауылында болды. Студенттер әйгілі жазушының музейін аралап, естелік фотосуреттерге түсті. Экскурсияның жалғасы Ұлы ойшыл, дана, ақын Абай Құнанбаевтың кесенесі мен музейі орналасқан Жидебай жерінде орын алды. Студенттеріміз Алматы, Шымкент және Қызылорда облысынан келген жастар Ұлы Абай еліне тұңғыш рет барғанын, Абай Құнанбаевтың өмір тарихы, тұрмыс – тіршілімен танысып ерекше әсерге бөленгенін ризашылықпен жеткізді.