ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

Ректор жастар саясаты орталығының белсенділерімен кездесті

Опубликовано 21.09.2016.

21.09.2016 ж. Университет ректоры Шырын Асылханқызы Құрманбаева жастар саясаты орталығына қарасты студенттік ұйымдар мен жастар қозғалыстарының басшылары және  белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесу басында Жастар саясаты орталығы өткен жылдың қорытындысы бойынша атқарған істері мен жетістіктері жайлы есеп берді. Кездесудің келесі бөлігін жастардың ректорға қойған сұрақтары мен ұсыныстары қамтыды. Бір қатар ұсыныстарға Шырын Асылханқызы лезде әрекет етуді ректор аппаратының жетекшісіне бұйырды. Кездесу соңы  фотосессиямен аяқталды.