Жаңалықтар

КАЗГЮИУ ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА – 5 жыл

Опубликовано 23.09.2016.

2016 жылғы қыркүйек айының 20 күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Әскери кафедрасының құрылғанына 5 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара  өткізілді. Университет ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Ш.А. Құрманбаева, университеттің Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі, запастағы генерал-майор А.А. Мартынов, 54770 ә/б командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Д.Е. Әділбаев, дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары запастағы майор Б.Е. Джюсибаев және басқа да сөз сөйлегендер полковник Ә.Б. Сақауов басқарған ұйымның оқытушылары мен қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалады.

Әскери кафедрадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға зор үлес қосқаны үшін бірқатар оқытушылар және әскери кафедра қызметкерлері «КазГЮИУ әскери кафедрасына 5 жыл» естелік медалімен, мадақтама және алғыс хатпен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін студенттер әскери техника және қаруды пайдалану тәсілдерін, саптық дайындықтың қимылдарын, қиындыққа толы АТБ (атлетизм-табандылық-батылдық) жолағын еңсеру бойынша және қарауыл қалашығында  спорттық  жаттығуларды көрсетті.

Аталған іс-шараны Әскери кафедра құрамының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл мерекесін қарсы алуға кешенді дайындыққа бастамасы деуге болады.

Әскери кафедра ҚР Үкіметінің 27.08.2011 ж. № 977 қаулысымен құрылған. Аз уақытта он жылда жасалатын істер атқарылды. Әскери кафедра ұжымы өз бағытындағы жұмысын жоғары жауапкершілікпен адал орындауда. Кафедра түлектері түрлі салада тікелей лауазымдық дайындықтары бойынша, өздерінің біліміне және кәсіптік дайындықтарына толықтай сәйкес қызметке орналасқан. Олардың бір қатары ҚР Қорғаныс министрінің әскери бөлімшелерінде келісім шарт бойынша әскери қызметке орналасуға ұсыныс алды.  Түлектерге ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі де қызығушылық танытуда.

Алғашқа күннен бастап Әскери кафедра  қала жастарын әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығына айналды. Оқытушылар құрамы әскери-патриотты маңызы бар үш кітап шығарды.  Кітаптардың жеке даналары Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы кітапханада, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің Орталық мұражайында орын тапты.

Әскери кафедраның әуендері қалалық әскери-патриоттық әндер байқауында, «Студенческая весна» жастар фестивальдарында орындалады.

Кафедараның Жарғысына сәйкес Туы, вымпелі, маршы және шевроны бар.

Бүгінгі күнде КазГЮИУ әскери кафедрасының ұраны: «Үздік бол, басқалар ертең істейтін істі – бүгін, орында!».