ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне Қытай мемлекетінің Үрімші қаласы, Синьцзян университетінен оқытушы-тағылымгер Чжоу Ци шақырылды.

Соңғы 3 жылда КазГЮИУ Синьцзян университетімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ынтымақтастықты қарқынды дамытуда.

2014 жылдың наурыз айында «Құқықтану» мамандығы бойынша  Синьцзян университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша магистранттар тобы  іс-тәжірибеден өтуге келгенін атап өткен жөн. 2015 жылы «Тарих» мамандық және 2016 жылы «Филология» мамандық  магистранттары іс-тәжірибеден Синьцзян университетінде өтті.

Ағымдағы жылы Синьцзян университеті Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушы-тағылымгерді 4 айға жолдады.

Біздің студенттер мен магистранттарға қытай тілі мен Қытай мемлекетінің мәдениеті және салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік туды.

1