ЖаңалықтарСтуденттер үйі

Студенттер үйіндегі қызықты іс-шара!

Опубликовано 29.09.2016.

2016 жылдың 28 қыркүйегінде Студенттер Үйінде «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушыларымен «Қорқыныш факторы» ойыны өткізілді.

2016 жылдың 28 қыркүйегінде Студенттер Үйінде «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушыларымен «Қорқыныш факторы» ойыны өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: мәдени-демалыс іс-шарасы арқылы университеттің оқытушылары мен студенттерінің бейресми жағдайда, бірі-бірімен танысуына мүмкіндік беру.

Ойын 3 турдан тұрды. Ойынға Студенттер Үйінде тұратын университет студенттерінен 6 бала қатысты. Олар әр түрлі жағдайлардағы қорқыныштарын жеңіп және өз өнерлерін ортаға салудан тайынбады.

6 қатысушының ішінен бас жүлдені 5B090100 «Көлікті пайдалану, және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының студенті, «Серпін-2050» грантының иегері Талғат Назерке жеңіп алды. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Өткізілген ойын студенттерге қатты ұнады және осындай іс-шаралардың жиі өткізілуі туралы ұсыныстар білдірді.