ЖаңалықтарЖастар Саясаты ОрталығыСалауатты өмір салты

Оқытушылар мен студенттер футбол ойынында тең түсті

Опубликовано 30.09.2016.

29.09.2016 ж. КазГЮИУ жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «Турист» футбол алаңында «Ұстаздар күніне» арналған оқытушылар мен студенттердің футбол құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті. Құрамалар университетіміздің барлық факультеттерінің оқытушыларынан жинақталған «Оқытушылар» командасы және «Серпін 2050» жастары мен белсенді студенттерден құралған «Студенттер» командасын қамтыды. Тартысқа толы мерекелік футбол 3:3 есебімен тең аяқталды. Матч соңында оқытушылар құрамасы студенттердің құттықтауларын қабыл алды.