ЖаңалықтарЖастар Саясаты ОрталығыСтуденттер үйі

«Үздік күз бөлмесі» іс-шарасы

Опубликовано 03.10.2016.

2016-2017 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес «Қаржы және есеп» кафедрасы 30-қыркүйек күні КазГЮИУ Студенттер үйінде «Алтын күз» тақырыбына байланысты «Үздік күз бөлмесі» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараның мақсаты – Студенттер үйіндегі студенттердің ұйымдастырушылық, шығармашылық, креативтік қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Іс-шараның шарты бойынша басты критерийлер – бөлменің тазалығы, тақырыптық безендіру, ерекше шығармашылық идеялар. Студенттер аталған шараға жоғары дайындықпен қатысты. Оқытушылардан құралған қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды «Токио» тақырыбымен 1-қабат студенттері, 2-орынды «Астана» тақырыбымен 3-қабат студенттері, 3-орынды «Лондон» тақырыбымен 5-қабат студенттері иеленді. Бас жүлдені «Париж» тақырыбымен 4-қабат ұтып алды.

Сондай-ақ әр қабаттың тұрғындарымен 3 кезеңнен тұратын қызықты сайыстық ойын өткізілді. Студенттер бұл ойынға да ерекше белсенді қатысып, топтық жұмыстың жақсы үлгісін көрсете білді. Іс-шара соңында қатысушы топтарға тұрмысқа қажетті сыйлықтар табыс етілді.