Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақ инновациялық гуманитарлықзаң университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 2016 жылдың   25 қараша күні «ҚР-да адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыру бағыты ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы Ленин көшесі 11, акт залы.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– Адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен кепілдіктерінің мемлекеттік құқықтық тетіктері;

– Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жүйесінде азаматтық заңнамалар;

– Қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтардан қорғауда жеке тұлғаның құқықтарын жүзеге асыру мәселелері

– Жаңа бағыттың экономикалық саясаты: жоғары экономикалық деңгейде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету

– Қазіргі мемлекеттер жағдайында адам құқықтары қорғау институттарының дамуының тарихи тәжірибесі

– Адам құқықтарын философиялық құқықтық анықтау оларды қамтамасыз ету шарты ретінде

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысу талаптары:

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, магистранттар мен доктаранттар шақырылады.

Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарланады.

Қатысушылар ғылыми тезистерді 2016 жылдың 15 қарашасына дейін баяндама тексін және өтінішті  (қосымша 1) екі  жеке файлмен электрондық адреске eldana­_18@mail.ru жіберу қажет.

Материалдарды рәсімдеу талаптары