Жаңалықтар

КазГЮИУ – болашақ осында басталады!

Опубликовано 19.10.2016.

18.10.2016 ж. Абай атындағы музыка – драма театрында КазГЮИУ 1 курс студенттеріне арналған дәстүрлі «Студент қатарына қабылдау» кеші өтті.

КазГЮИУ биылғы жылғы 1 курс студенттерін салтанатты түрде студент қатарына қабылдады! Зал 500-ден астам көрерменге толы, барлық факультеттердің, әскери кафедра, дайындық курсы және «Серпін 2050» жастары өз өнерлерін паш етті. Салтанатты түрде ашылған мерекелік кеш университет ректоры Шырын Асылханқызының алғашқы құттықтау сөзімен басталды. Келесі кезекте дәстүрге айналған студенттерге «Білім кілті мен сынақ кітапшасы» табысталды. Мерекелік кеш факультеттердің түрлі жанрдағы шоу номерлерімен жалғасты. Би өнері, неон – шоу, мюзикл, арт – балет, бейнероликтер бұның барлығын тамаша шеберлікпен орындаған 1 курс студенттері көрермен көзайымына айналды.

Университет артықтышылықтарын кеш ұйымдастырушылар жекелей көрсетуді ойластырды. Облыстағы теңдесі жоқ әскери кафедра студенттері қарумен дефиле өнерін көрсетіп, көрерменді таң қалдырса, «Серпін 2050» әлеуметтік бағдарламасымен оқуға келген жастар өздерінің студенттік өмірлерінің алғашқы қадамын лента қию рәсімімен бастап, тамаша сахналық қойылымын көрсетті. КазГЮИУ үшін 2016 жылдың жетістіктерінің ішінде «Серпін 2050» жастарымен қатар Монғолия және Қытай елдерінен дайындық курсына оқуға келген қандастарымыз, қазақ жастары, тарихи құндылығын сақтай білген дәстүрлі өнерімізді көрсетіп, зал толы көрерменді тәнті етті. Кеш соңында ректор барша студенттерге 100 кг шоколадтардан тәтті тосын сый жасады.