Жаңалықтар

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне Германияның Бонн қаласынан ағылшын тілінің оқытушы-эксперті Петер Штрубеннің келуі жоспарлануда

Опубликовано 19.10.2016.

Халықаралық байланыс

2015 жылдан бастап академиялық ұтқырлық аясында  Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті SES «Аға эксперт қызметтері» неміс халықаралық қорымен  ынтымақтастықты белсенді  дамытуда.

2015-2016 оқу жылының екінші семестрінде Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің гуманитарлық факультетіне профессор Йоханнес Штикель неміс тілін оқыту саласындағы өз тәжірибесімен филология факультетіндегі профессорлық-оқытушылар құрамымен  бөлісуге келді.

2016-2017 оқу жылының қараша айында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне ағылшын тілін оқыту әдістерін үйретуге  оқытушы-эксперт Петер Штрубеннің бір айға келуі жоспарланып отыр.

Гуманитарлық факультет оқытушылары  халықаралық эксперт Петер Штрубен мырзадан ағылшын тілін оқытудың жаңа техгнологиялары мен  тиімді әдіс-тәсілдерін үйрену мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  студенттері мен магистранттары үшін ағылшын тілін оқытуда көптілділік лаборатория жұмыс аясында кеңес отырыстары жоспарланған.

Толық ақпаратты алу үшін:

Білім бағдарламаларын  интернационалдау орталығы

Ленина көшесі 11,

Бас ғимарат,4 қабат, 23 кабинет

Тел. 8(722)2360363(ішкі нөмір 124)