Жаңалықтар

Білім беру бөлімдерінің, колледж және мектеп директорларына

Опубликовано 24.10.2016.

Білім беру бөлімдерінің, 

 колледж және мектеп директорларына

Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің біліктілікті жетілдіру және кадрларды қайта даярлау институты мектеп мұғалімдеріне және колледж оқытушыларына 72 сағат көлемінде келесі модульдер бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізетінін хабарлаймыз:

  1. «Биологияда ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру және қолдау» 2016 жылдың 31 қазан 9 қараша аралығында. Курс орыс және мемлекеттік тілдерінде ШҚО, Семей қ., Абай көш. 107 мекен жайы бойынша №2 КазИГЗУ ғимаратының №314 дәрісханасында  сағ. 14.00-ден 17.00-ге дейін  жүргізіледі.
  2. «Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі» Өзін-өзі тану курсы мемлекеттік тілде 2016 жылдың 31 қазан 9 қараша аралығында Шмидта көш. 44, “Шіркеу” аялдамасы мекен жайы бойынша №4 ғимаратында педагогика және психология кафедрасының 32 дәрісханасында сағ. 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
  3. «Білім беру үдерісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 2016 жылдың 31 қазан 8 қараша аралығында. Курс орыс және мемлекеттік тілдерінде ШҚО, Семей қ., Абай көш. 107 мекен жайы бойынша №2 КазИГЗУ ғимаратының №211 дәрісханасында сағ. 14.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.  
  4. «Дінтану» курсын оқыту ерекшеліктері 2016 жылдың 31 қазан 8 қараша аралығында. Курс орыс және мемлекеттік тілдерінде ШҚО, Семей қ., Шмидта көш. 44, “шіркеу” аялдамасы мекен жайы бойынша №4 КазИГЗУ ғимаратынның № 23 кабинетінде сағ. 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
  5. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда инновациялық технологияларды дамытудың әдіснамалық тәсілдері. 2016 жылдың 31 қазан 8 қараша аралығында. Курс мемлекеттік тілде ШҚО, Семей қ., Шмидта көш. 44, “Шіркеу” аялдамасы мекен жайы бойынша №4 КазИГЗУ ғимаратының № 2 кабинетінде сағ. 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.

 Курс бағасы 11000 тенге.

Өтініштерді 2016 ж 28 қазанына дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Төлемді келе салысымен жүргізуге болады.

Байланыс телефондары: +77077484972; +77755386017. Курс бағдарламасы мен өтініш үлгісі қоса беріледі.

Оқытушылардың белсенді қатысуларын күтеміз.